Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕГІННЕН МОЛ ӨНІМ ЖИНАЛДЫ


Қызылорда қаласына қарасты ауыл шаруашылығы құрылымдарының барлық нысандарында 2018 жылы 7969 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыру межеленген.
Оның ішінде 3743 га күріш, 153 га жаздық арпа, 2 гектар сұлы, 273 га жаздық бидай, 446 га жаңа жоңышқа, 800 га картоп, 943 га көкөніс, 788 га бақша дақылдарын егу және қолда бар 821 га ескі жоңышқа дақылы күтімге алынады.
Биылғы жылы егілген 3743 гектар күріш дақылынан барлығы 19142,3 тонна өнім жиналып, әр гектарынан 51,1 центнерден өнім алынды. Жаздық бидайдан 283,3 тонна, әр гектарынан 10,3 центнерден, арпадан 94,0 тонна, 6,1 центнерден, сұлыдан 2,6 тонна, 1,3 центнерден, картоптан 12520 тонна, 156,5 центнерден, көкөністен 12541 тонна, 133,0 центнерден, бақшадан 10112 тонна, 128,3 центнерден өнім алынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: