Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«JASTAR&IT» ҮЗДІКТЕРДІ АНЫҚТАДЫ


ІТ саласындағы әрбір ізденіс қаланың дамуына негіз бола алады. Техникамен тіл табысқан жастар бүгінде идеялар жарысында түрлі жобалар жасап, елге қажетті істерді өздері ойлап тауып келеді. Дегенмен, жас буынның идеясынан туындаған ойларды ұштау үшін арнайы алаңның қажеттілігі айқын. Осы мақсатта ІТ саласының дамуына жанашырлықпен қарайтын азаматтар тұрақты түрде студент, оқушы жастар арасында түрлі конкурс ұйымдастыруды мақсат етіп келеді.
Жақында ІТ парк алаңында инновациялық жобалардың сайысы ұйымдастырылды. Қорқыт ата атындағы ҚМУ, Жастар ресурстық орталығы мен Қызылорда облыстықтық цифрландыру басқармасының ұйытқы болуымен өткен сайыс веб сайыс, мобильді қосымша, виртуалды қосымша шындық, бейнероликтер, 3Д жобалау, 2Д анимация сынды 4 секцияны қамтыды.
Әр оқу орнынан және түрлі мектептерден келген жастар қазылар алқасының алдында жобаларын қорғап, келешек жобаларына қолдау табуға келді. Айталық, дәл қазіргі уақытта жастар ресурстық орталығының жеке сайтын қалыптастыру бағытында сайысқа 10-нан аса сайт түрлері жасалған. Мазмұны, сайттың дизайны, ақпараттық толымдылығы мен ерекше идеясы бар сайттар іріктеліп, қаржылық қолдауға ие болады. Мұнан басқа, ІТ саласындағы жетістіктің бірі болатын бірнеше жобалар да қаржылық қолдау табуды мақсат тұтты.
Жастар ұсынған жобалардың тақырыптың ауқымы кең. Бірі мултипликация бағытында тың дүние ұсынса, ендігі бір қаланың даму деңгейін анықтайтын сайтты жасақтаған, ал кейбіреуі мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы спорт алаңдарының макетін сызған. Демек, идеялар іске асып, билік тарапынан қолдау тапса аймақтың бірқатар мәселелерінің оңтайлы шешім табуына ықпал етеді.
Жалпы ақпараттық технологиялар бағытында ұйымдастырылған «Жастар және ІТ» тақырыбындағы байқауда үздіктер қаржылай және өзге де сыйлықтармен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: