» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Облыстық "Orda-Junior-2018" ІІІ ғылыми жобалар байқауында Қызылорда қаласындағы №264 Т.Есетов атындағы оқушылары жүлделі орындардан көрінді.
Атап айтқанда, 11-сынып оқушылары Сағыныш Райбекова информатика пәні бойынша (жетекшісі Гауxар Оспанова), Аймұрза Дидар физика пәні бойынша (жетекшісі Әлия Сәрсенбай), 5- сынып оқушысы Дильназ Жеңісбекқызы этномәдениеттану (жетекшісі Жарқынай Бимаxанова) жүлделі бірінші орынды иеленді.
Ал 4-сынып оқушысы Саида Нағашыбек этномәдениеттану (жетекшісі Раушан Балғабаева, 6-сынып оқушысы Айғаным Қалиева биология (жетекшісі Салтанат Жұмалиева) 2-орынды иеленді. Сондай-ақ, 11-сынып оқушысы Дербізалиева Лаура физика пәні бойынша жетекшісі (Сәрсенбай Әлия) жүлделі 3-орынды, 10-сынып оқушысы Төлепберген Нұрдаулет алғыс xатты қанжығаларына байлады.1-орын алған оқушыларымыз Республикалық жобаға жолдама алды.