Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫ ӨТТІ


Бүгін Қызылорда қалалық білім бөлімінің қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында Қызылорда қаласы әкімінің мерекелік шыршасы өтті.
Шыршаға мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғалған, оқу үздіктері, түрлі халықаралық, республикалық, облыстық конкурстар мен байқауларда, олимпиадаларда және спорттық сайыстарда қаламыздың абыройын асқақтатып жүрген 100 оқушы қастысты. "Айти көсемен виртуалды саяхат" деп аталатын шырша қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың балғындарды жаңа жыл мерекесімен құттықтауы және жаңа жылдық сыйлық таратуымен басталды. Балалар Алдар көсенің ХХІ ғасырдағы ұрпағы Айти көсемен бірге Қызылорда қаласының болашағына уақыт машинасымен саяхат жасап, ақылды қаланың жетістіктеріне тамсанып, жасанды инттелекттердің қаламызда тұрғындар мен қонақтарға қызмет жасап жүрген көрінісін көрді. Болашақты тамашалаған балалар Желаяқ, Ақшақар, Аяз ата сынды кейіпкерлермен бірге көңілді ән шырқап, би биледі. Балалар қаламызды 200 жасқа толтырып, мерейлі той сыйлаған ескі жылмен қоштасып, жаңа 2019 жылды бірлікпен қарсы алды. Сондай-ақ, шара барысында қала әкімінің балғындарға арнайы дайындаған тәтті тоқаштан дәм татып, шаһар басшысына тарту еткен сыйлығы мен тәттілерге толы дастархан үшін рахмет айтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: