» » МЕКТЕПТЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

МЕКТЕПТЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты № 257 орта мектепте қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Жаңа жыл қарсаңында мектепте білім алатын мемлекет тарапынан қорғалған балаларға арнайы жаңа жылдық шырша өткізілді.
Мерекелік шыршаны мектеп директоры Б. Ибраев құттықтау сөзімен ашып, мектеп оқушылары арнайы жаңа жылдық қойылымдар қойып, әндер айтып оқушыларға өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Жеке кәсіпкерлер мен демеушілер есебінен 100-ге жуық балаларға сыйлықтар табысталды. Жүректерінен ізгілік нұрын шашқан азаматтарға ұжым атынан алғыс білдірді.