Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандардың саны 15-ке жетті


Алматыда «Bek Air» ұшағының апатынан қаза болғандардың саны 15-ке жетті. Бұл туралы қалалық Қоғамдық деснаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Алматыда өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды
ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазір мендегі мәліметтерге сәйкес, 14 адам оқиға орнында қайтыс болған. 1 адам №4 клиникалық ауруханада қайтыс болды. Барлығы 15 адам қайтыс болды», - деді Тілеухан Әбілдаев.
Басқарма басшысы оқиға орнында қаза болғандардың денесі моргтерге жеткізілгенін айтты.
«Оқиға орнында қайтыс болғандарды Төтенше жағдайлар қызметі арнайы органдарға жеткізді. Сот-медициналық сараптама жүргізіледі», - деді ол.
Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. Осы апатқа қатысты шұғыл желі іске қосылған. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді. Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: