Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аман қалған ұшқыш қамауға алынбады - ІІМ


Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы Миржан Молдақұлов қамауға алынбады, деп хабарлайды
Stan.kz ақпарат агенттігі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетсек, оның алдында дәрігерлер журналистерге ұшқыш полицияның қарауында екенін айтқан болатын.
«Ішкі істер министрлігі ұшқыштың қамауға алынғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарады. Қазір ол ауруханада. Полиция қызметкерлерінің медициналық мекемеде болуы қауіпсіздік шараларымен анықталады. ІІМ бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамнан жалған ақпаратты таратпауды сұрайды », – делінген хабарламада.
Оның алдында №4 клиникалық қалалық ауруханасының бас дәрігері Айман Байзолданова екінші ұшқыштың омыртқасына күрделі ота жасалғанын және жағдайы ауыр, бірақ тұрақты екенін хабарлаған болатын.
Зардап шеккен борт серік қыз полиция мен қауіпсіздік қызметіне жауап берді. Оған бірнеше бас жарақаттары диагнозы қойылған.
Әуе кемесінің екінші ұшқышы Миржан Молдақұлов 1965 жылы 4 мамырда дүниеге келген. Жалпы ұшу уақыты 11 544 сағатты құрайды, оның ішінде Fokker-100-де шамамен 4 144 сағат. 2019 жылдың 12 ақпанында ұшқыш ретінде біліктілік белгісі 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартылған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: