Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

55 секундта жеңілген ММА файтері төрешінің аяғын сындырмақ болды


Аралас жекпе-жек (MMA) файтері моңғолиялық Шинечагтга Золтсетсег One Championship 106 турнирінде қытайлық Ма Я Веньді нокаутқа түсірді. Жекпе-жек видеосы ұйымның Twitter-аккаунтында жарияланды, - деп хабарлайды "Лента.ру".
Қытайлық спортшы 55-ші секундта қарсыласының ауыр соққысына түсіп қалды. Жерге сұлап түскен ол төрешінің аяғына жармасып, әдіс жасамақ болды.
Аяққа мұндай әдіс жасау айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. MMA-да мұндай тәсіл жасауға рұқсат берілген, алайда бразилиялық джиу-джитсу турнирлерінде бұған тыйым салынған, өйткені адам өміріне қауіпті.

Тengrinews.kz
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: