Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 30 бас ешкі ұрлағандар ұсталды


Қызылордада 30 бастан астам ешкі ұрлаған қаланың 3 тұрғыны қолға түсті. Оның екеуі 21 жаста болса, біреуі 16 жастағы жасөспірім.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз тұлғалардың үй ауласынан 2 бас ешкісін ұрлап, оқиға орнынан бой тасалап кеткені жөнінде арызданды.
Сондай-ақ, қалаға қарасты Қараөзек станциясында тұратын 49 жастағы азамат 4 ешкісін белгісіз біреулердің қолды еткені жөнінде шағымданды. Бұдан бөлек полицияға ешкі ұрланғаны жөнінде бірнеше тұрғын арызданған болатын.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ешкі ұрлаған 3 күдіктіні ұстады. Олар облыс орталығының тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда күдіктілерді басқа да осы тектес қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Олар өз кінәсін толық мойындады.
Күдіктілердің 30 бас ешкі ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта ұсталған екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған. Ал кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхатв бұлтартпау шарасы жасалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 3-бөлігінің 1,2-тармақтары (мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: