Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысында инвестиция көлемі артты


Өткен жылдың қорытындысымен Қызылорда облысына тартылған инвестиция көлемі 400 млрд теңгені құрап, бұл көрсеткіш 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 17,4% өсті.
Инвестициялардың өсуі негізінен инфрақұрылымдық, индустриялық жобаларға және мұнай компаниялары мен басқада салаларға тартылған инвестиция есебінен қамтамасыз етілуде.
2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда инвестицияның номиналды өсімі 1,2 есеге көбейіп, өткен жылы көзделген меже толығымен орындалды.
Қазіргі таңда Қызылорда облысында шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы құны 276,1 млрд тенге құрайтын 7 инвестициялық жоба іске асырылуда. Олардың қатарында «Компания Гежуба Шиелі Цемент», «Орда Гласс» , «АралСода», «Балауса», «Номад Солар», «НЕС», «Байконыр Солар» ЖШС бар.
Сыртқы инвестиция тартуда да қарқынды жұмыстар атқарылуда. 2019 жылы көрсеткіш 12% ұлғайғаны байқалады.
Айта кету керек, үстіміздегі жылы «Негізгі капиталға инвестициялардың нысаналы индикаторын бекіту туралы» меморандумға сәйкес облысқа 481 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: