Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шиелі ауданының әкімі құрметті еңбек демалысына шықты


Бүгін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Шиелі ауданында өткен актив отырысына қатысты. Активте аудан әкімі Әшім Оразбекұлын зейнеткерлік жасқа толуына байланысты құрметті еңбек демалысына шығарып салу шарасы өтті.
Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов ауданда басшылық қызмет атқарған Әшім Оразбекұлының басшылығымен Шиелі ауданында экономикалық өсу қамтамасыз етіліп және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар үзіліссіз жүргізілгендігін айтты.
"Ауыл шаруашылығында төрт түлік мал саны 14% артты.
Негізгі дақыл - күріштен гектарына 61,2 центнерден өнім алынды. Облыста ең алғаш болып Шиелі ауданында егін шаруашылығын цифрландыру жұмыстары басталды. Өнеркәсіп саласы қарқынды дамуда. "Гежуба Шиелі" цемент зауыты, шағын әк зауыты, темір-бетон зауыттары пайдалануға берілді. Индустриалдық аймаққа инфрақұрылым (темір жол, тас жол, газ ,ауыз су, электр энергиясы ) толықтай жүргізілді. Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері 2017 жылмен салыстарғанда 105,6% артты. Оның ішінде, жұмыс істеп тұрғандары 92% құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция соңғы 3 жылда 126 млрд. теңгені құрап, 2017 жылға қарағанда 3 есеге артты. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында соңғы 3 жыл көлемінде барлығы 27 нысан салынып, пайдалануға берілді. 11 нысанның құрылысы биыл басталуда. Құны 26 млрд. теңге болатын, сағатына 50 мегаваттқа дейін электр энергиясын өндіретін "Байқоңыр-Солар" күн электр станциясы, 150 орындық аудандық аурухана, 18 пәтерлік тұрғын үй, "Рухани жаңғыру аллеясы", "Рәміздер алаңы" сквері мен біршама әлеуметтік маңыздағы нысандар мен жол, көпір құрылыстары салынды",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
2018 жылдың қорытындысымен Шиелі ауданы «Үздік аудан» атанып, I дәрежелі дипломын иеленсе, 2019 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласы бойынша "Үздік аудан" номинациясымен марапатталды.
Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Әшім Оразбекұлына аймақтың ең жоғарғы наградасы Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады.
Аудан активіне арнайы келіп қатысқан Қызылорда облысының құрметті азаматы Қорғанбек Қайруллаев пен ақсақалдар Әшім Оразбекұлының жұмысын жоғары бағалап, жылы лебіздерін білдірді.
Ә.Оразбекұлы да әріптестері мен аудан тұрғындарына бірлесіп атқарған жұмыстары мен көрсеткен қолдаулары үшін алғысын білдірді.
Аймақ басшысы ауданға жаңа әкім тағайындалғанша аудан әкімінің міндетін Жағыпбаров Тұрмағанбет Әлиасқарұлы атқаратындығын жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: