Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Байқоңырда 30 жылда алғаш рет тұрғын үй пайдалануға берілді


Соңғы 30 жылда алғаш рет Байқоңыр қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2019 жылы 50 пәтерлік 5 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.
"2020 жылы тағы 5 үйдің құрылысын бастағалы отырмыз. 2019 жылдың қазан айында қаланың барлық көппәтерлі үйлерін (20427 пәтер) табиғи газға көшіру аяқталды, бұл тұрғындар үшін газ төлемін 16 есеге төмендетуге мүмкіндік берді. Алдымыздағы 3 жылда қаланың су, кәріз желілерін жаңғырту және қайта құру бойынша жұмыстар жоспарланып, жобалары дайындалуда",- деді аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов.
Жылу тарифтерін төмендету мақсатында Байқоңыр қаласының жылу-электр станциясын қайта құру мәселесі Ресей тарапымен талқылануда. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен «Байқоңыр» еркін экономикалық аймағын құру мәселесі пысықталуда. Еркін экономикалық аймақ Тұжырымдамасының және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Үкіметтері арасындағы Келісім жобалары Қазақстанның орталық мемлекеттік органдарымен келісілуде.
Бүгін, 2020 жылы 19 ақпанда, Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың халық алдында есеп беру кездесуі өтті, жиында аймақ басшысы өткен жылды қорытындылап, алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: