Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда қалалық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы тағайындалды


Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен 2020 жылғы 16 қаңтардан бастап Әбдірасулов Дәулетбек Жәнібекұлы қалалық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы қызметіне қайта тағайындалды.
Дәулетбек Жәнібекұлы, 1967 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1992 жылы Алматы қаласының зоотехникалық малдәрігерлік институтын «зооинженер», 2006 жылы Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық колледжін «санитарлық фельдшер» мамандықтары бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1992 жылы Қаракөл қой совхозында зоотехник қызметінен бастап, 1994 жылы Сырдария аудандық ауылшаруашылығы басқармасында бас зоотехник, 1997 жылы Қызылорда қалалық ауылшаруашылығы бөлімінде мал шаруашылығы жөніндегі маманы қызметтерін атқарған.
1999 жылдан бастап осы қызметке дейін Ауылшаруашылығы министрлігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық инспекциясында мемлекеттік инспектор, бөлім басшысы қызметтерін абыроймен атқарып келді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: