Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Елнұр Бейсенбаевтың жастармен кездесуі өтті


Бүгін Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Ғылыми Кеңес мәжіліс залында «Nur Otan» партиясының жанындағы республикалық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаевтың жастармен кездесуі өтті.
Жастар қанатының басшысы Елнұр Сабыржанұлы өз сөзінде жастардың республика көлемінде көтеріп жүрген мәселелері және олардың шешілуі жолында атқарылып жатқан жұмыстары жайында сөз қозғады. Кездесудің басты мақсаты «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының 2025 жылға дейінгі қабылданатын Стратегиялық жоспарымен бөлісу, жастардың пікірлерін, ұсыныстарын тыңдау.
Сонымен бірге Елнұр Бисембаев биылғы жылдың басты тақырыбы – волонтерлар жайында айтып өтті. «Биылғы жыл – еріктілер жылы, біздің әрқайсымыз ерікті жастармыз, жақсылық жасау бәріміздің де қолымыздан келеді, тек оған мейірімді жүрек пен ынта керек» -деді ол сөзін қорытындылай келе. Жастар көшбасшысы белсенді жастармен пікір таластыру барысында біраз жиған-терген тәжірибесімен бөлісіп, студенттерді жарқын болашақты бірге жасауға шақырды. Шара барысында университетте білім алып жүрген алғыр, бетке ұстар студенттерді жастар қанаты қатарына ресми қабылдау рәсімі өткізілді.
«Домбыра думан» клубының төрағасы, белсенді студент Әли Кеңесұлы қонағымызға арнап қазақтың қара домбырасымен арнау айтып берді. Сонымен бірге, кездесуге қатысушы жастар Елнұр Сабыржанұлына биылғы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай бірлесіп ұлы ақынның «Көзімнің қарасы» әнін шырқауға ұсыныс білдірді. Ұсынысты үлкен ілтипатпен қабыл алған жастар көшбасшысы барша жиынға қатысушылармен бірге ән шырқап, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, бұл бастаманы барша Қазақстандық жастарға қолдау үшін «челлендж» жолдады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: