Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шиелілік жас азамат жеке кәсібін бастады

Шиелі ауданының отыз жастағы тұрғыны Хакімжан Бимурзаев өткен жылы аудандық халықты жұмыспен қамту орталығынан кеңес алды.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының II бағыты бойынша қатысуға өтініш береді. Соған сәйкес «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері курстарына қатысып, 2019 жылдың 17 сәуірінде сертификатын алған.
Бизнес жоспарын сәтті қорғап шыққан Хакімжан «Өңірлік инвестициялық орталығына» жолданып, «Акцеблок туатуарлық плитка цехы» жобасы бойынша шілде айында 4 млн теңге алып, өз кәсібін ашты. Бүгінде ол тек өзі ғана емес, тағы бір адамды жұмыспен қамтып отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: