Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Айша» өнімдері тұтынушы талғамына сай

Сырдария ауданының орталығы - Тереңөзек кентінде кондитерлік цехы тұтынушыларға сапалы өнімдер ұсынып келеді.
Жеке кәсіпкер Гүлжан Әбдіғаппарова 2010 жылдан бастап, аудан халқына кондитерлік өнімдер ұсынуымен кеңінен танымал. Қазіргі таңда күніне 70-80 адамға қызмет ететін кондитерлік цех бірнеше адамды жұмыспен қамтыған. Сонымен бірге аудан халқын нан өнімдерімен қамтамасыз етеді. Жоғары сұранысқа ие тоқаш, торт өнімдерін өндіреді.
Сырдария ауданы бойынша кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді. Аудан бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін 2307 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2107-і құрайды.
Айта кету керек, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 15 процентке өскендігі байқалады. Бұл ретте 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 447 кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, тиісінше жұмыс жасауда. Өз кезегінде аудан кәсіпорындары 5658 млн теңгенің өнімін өндіріп, 3816 адам жұмыспен қамтылған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: