Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жалағашта кәсіпкерлік өрістей түсті

Өткен жылы Жалағаш ауданында 2398 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,2 пайызға артқан. Ал жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 13 пайызға көбейді.
Жалпы аудан бойынша 2019 жылы мемлекеттік, үкіметтік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында 534 кәсіпкер 3 млрд 390 млн теңгеге қаржыландырылды. Мұнан бөлек жыл басынан бері 556,4 млн теңгені құрайтын 10 ірі жоба мемлекет тарапынан қаржылай қолдау тапты.
Олардың қатарында жеке кәсіпкер Г.Исахановтың күріш ақтау және жем өндіру цехы, жеке кәсіпкер М.Көптілеуовтің химиялық тазалау орталығы, «Жер Ана» ШҚ-ның 50 бас МІҚ малына арналған сүт фермасы, «АгроЛидерТаң» ЖШС-ның мал сою және ет бумалау цехы, М.Ертуғанованың 50 адамдық қоғамдық моншасы бар. Сондай-ақ, олардың қатарында Б.Мырзағалиевтың техникалық қызмет көрсету орталығы, Ж.Қазыбайұлының қонақ үй және тамақтану кешені, Н.Ералиевтің балықты алғашқы өңдеу цехы, С.Халықтың құрылыс заттар дүкені, Д.Алпысовтың жылыжай кешені бар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: