Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Білікті дәрігер кәсіпкерлік салада жемісті еңбек етіп келеді

Жаңақорған ауданындағы «Іскер әйелдер» қауымдастығының басшысы Баян Божбанбаева 1999 жылы «Баян сұлу» тіс емханасын ашты. Содан бері білікті дәрігерлермен байланысты үзбей, үнемі тәжірибе алмасып келеді. Одан бөлек, АҚШ, Еуропа елдерінен үйренгені көп.
Ол С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітіргеннен кейін қызмет жолын Қызылорда қаласындағы облыстық ауруханада бастайды. 1987 жылы Жаңақорған аудандық ауруханасында жұмысын жалғастырды. 1992-1999 жылы Келінтөбе ауылында тіс дәрігері ретінде жұмыс атқарады.
– Дәрігерлер арасында бірінші болып стоматологтарға қызметін кәсіпкерлікпен ұштауға мүмкіндік берілді. Басында шешім шығару оңай болған жоқ. Ұлттық медицина университетінің профессоры, Қазақстан стоматологтар Ассоциациясы президенті Мақсұт Темірбаев бағыт-бағдар көрсетті. Сосын тәуекел етіп тіс емдейтін кабинет ашып, жылына екі рет Алматы қаласындағы білікті тіс дәрігерлерімен тәжірибе алмасып, үнемі білімімді жітілдіріп отыруға басымдық бердім. Нәтижесінде табысты кәсіпкердің біріне айналдым, – дейді Баян Егізбайқызы.
Иә, оның талпынысы мен талғамынан өзін-өзі дамытуға деген ізденісті байқауға болады. 2012 жылы «Даму» бағдарламасы аясында Назарбаев университетінде білімін шыңдап, сертификат алады. Іскерлік байланыс бағдарламасы бойынша АҚШ-та 21 күн тәжірибе алмасады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: