Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қармақшыда кәсіпкерлікті дамыту проблемалары талқыланды

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы Қармақшы ауданының орталығы - Жосалы кентінің Мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен, кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуге Қармақшы ауданының әкімі, кәсіпкерлік саласындағы мекемелердің, «Даму» қорының, қаржы ұйымдары мен екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысты. Кездесу барысында жалпы кәсіпкерлік саласының дамуы қаралып, ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген кәсіпкерлік саласындағы сұрақтары талқыланды.
Сондай-ақ, ауыл кәсіпкерлерінің мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген соңғы өзгерістер бойынша ақпараттық түсіндірме жүргізілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: