Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қамбаш – Сыр өңірінің көрікті мекені

Арал ауданы аумағында орын тепкен Қамбаш көлі – Сыр өңіріндегі туризмді дамытатын негізгі аймақтың бірі. Бұл мекен Қазақстан Республикасының туристендіру картасына енгізілген.
Көл Қызылорда қаласынан 400, Қазалы ауданының орталығынан 50, ал Арал қаласынын 60 шақырымдай жерде жатыр. Бір ерекшелігі, жағажай Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық автокөлік трассасының бойында орналасқан. Сондықтан мұнда келушілердің қарасы күннен күнге артып келеді.
Жаз айларында мұнда шамамен 60-70 мыңдай адам демалып кетеді екен. Жағажайдағы сервистік қызмет жанданса туристің саны көбеймек. Жыл сайын Қамбаш көлі жағалауында балық аулаудан ел чемпионаты, балықшылар слеті, футбол, волейболдан аудан аралық жарыстар болып өтеді.
Қамбаш көлі – Сыр өңірінің мақтануға тұрарлық демалыс орны. Суы мөлдір әрі емдік қасиеті мол. Жазғы маусымдағы демалыс күндерін өткізуге ең қолайлы орын болып саналады. Көлдің арқасында күн көріс қамын жасап жүрген жергілікті тұрғындар өте көп. Біреулер балық аулайды. Су тұзды болған соң, су маржанының дәмі де керемет. Балықтан түрлі тағамдар әзірленіп, келушілерге ұсынылып жатады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: