Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аралда 520 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды

Арал ауданында сенбілік шарасына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысты. Әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Бұл жөнінде Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Соның ішінде, қаланың кіре беріс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты. Атап өту қажет, бүгінгі сенбілік аясында қала бойынша тазалық жұмыстарына 1340 адам, 8 техника жұмылдырылды. Тазартылған аумақтар бойынша 520 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар, 58 метр куб көлемінде жауын-шашыннан жиналған су шығарылды.
Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: