Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Арал ауданында жеке кәсіпкер қонақ үй салды

Арал ауданында биыл «Aral» қонақ үйі тұсауын кесті. Бұл орын 540 млн. теңгеге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында салынған.
Қонақ үйде 33 жатын бөлме, кафе, мәжіліс зал, шағын кездесу бөлмесі қарастырылған. Аталмыш нысан жеке кәсіпкердің қаржысына салынған. Сол арқылы 40 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
2018-2020 жылдар өңірде жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы болып жарияланғаны белгілі. Соның екі жылында шағын және орта бизнес өкілдері көптеген ғимараттар салып, жаңа жұмыс орындарын ашып, облыстың көркеюіне үлес қосып келеді. «Aral» қонақ үйі тұрғындар мен қонақтарға сапалы қызмет көрсетуді мақсат етіп отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: