Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы лауазымына Мыңбаев Рауан Ерұзақұлы тағайындалды.
Рауан Мыңбаев 1993 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. Журналист, экономист, құқықтанушы. Еңбек жолын Қызылорда облыстық "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасында бастап, 2014 жылы республикалық "Хабар 24" телеарнасының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі қызметіне тағайындалған. Соңғы жылдары "Хабар 24" телеарнасының Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық бөлімінде "Президенттік пул" сапында арнайы тілші болып еңбек етті. Сыр елі жастарына арналған "Сыр үміті" сыйлығын иемденген. Былтыр Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ өкілдеріне арналған грантымен марапатталған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: