» » Жаңақорғанда мектептің шатыры ұшып кетті

Жаңақорғанда мектептің шатыры ұшып кетті

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар
Қызылорда облысында қатты желдің әсерінен тағы бір мектептің шатыры ұшып кетті.
Облыстық жұмылдыру басқармасының мәліметінше бұл оқиға Жаңақорған ауданына қарасты Қосүйеңкі ауылында орын алған. Ауылдағы №161 орта мектептің шатыры 150 шаршы метр аумақта бүлінген. Бұл жағдай кеше кешкісін орын алған.
«Оқиға орнына мамандар арнайы техникамен барып көрді. Қайтыс болғандар және зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті ведомстводан.
Соңғы екі күнде Қызылорда облысында қатты жел соғып тұр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 25 наурызда секундына 15-28 метрге дейін жел соғатынын хабарлады.