Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Нұр-Сұлтанда теракт ұйымдастырмақ болған ер адам ұсталды - ҰҚК

25 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде деструктивдіни ағым ұстанушысын ұстады., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК сайтына сілтеме жасап.
Комитет мәліметінше, ол "ДАИШ" халықаралық террорист ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясының ықпалымен астана аумағында теракт дайындады деген күдікке ілінді. Тергеу іс-қимылдары барысында одан жою элементтері бар қолдан жасалған жарылғыш құрылғы алынды.
"Көрсетілген адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 және 255 (терроризм актісіне дайындалу) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: