Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыс бойынша 27 әлеуметтік дүкен бар

Бүгінде облыс бойынша үлкен сауда орындары мен қоймалардағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қоры 10 007,5 тоннаны құрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сейілбек Нұрымбетов баяндады.
"Қазіргі таңда «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның тұрақтандыру қорында 4340,2 тонна өнімді құрайды. Атап айтқанда нақты қоймада 1704,7 тонна, сауда әріптестерінде («Мирас» СҮ, «Ажар» СҮ) 2635,5 тонна өнім бар. Ал көтерме сауда орындарында 5 667,3 тонна өнім жинақталған. Бүгінде әлем бойынша орын алған мұнай бағасының өзгеруіне, валюта бағамының тұрақсыздығына және коронавирус індетінің таралуына байланысты облыс бойынша азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және қажетті қорын қалыптастыру мақсатында 720 тонна өнім сатып алынды", -деді Сейілбек Серғазыұлы.
Облыс бойынша қазіргі уақытта 27 әлеуметтік дүкен жұмыс жасап тұрса, жыл аяғына дейін қосымша 34 дүкен ашу жоспарлануда. Барлық дүкендерде 19 әлеуметтік тауармен бірге басқа да күнделікті қажетті өнімдер төмен бағада сатылуда.
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу және көтерме бағадан 15% үстемеден асырмай сату жөнінде тауарөндірушілер мен сауда субъектілерімен келісімге келіп, ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.
Ал көкөніс өнімдерінің сақтау қуаттылықтарын арттыру мақсатында 3250 тонналық көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істеді. Бұған қосымша сақтау қуаттылығы 2000 тонна құрайтын заманауи көкөніс сақтау қоймасының құрылысы аяқталып, қазіргі уақытта көкөніс өнімдерімен толықтырылуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: