Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Тұрғын үйлерге қауіп төндірген өрт дер кезінде оқшауланды

Соңғы кезде тұрғындардың өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан өрт сандары мен қураған шөптердің жану фактілері көбеюде.
Соның бірі ағымдағы жылғы 29 наурызда 18 сағат 03 минутта Қызылорда қаласы, Арай м/а Сырдария көшесі №4 тұрғын үйдің ауласында қураған шөп және әжетханасының,сонымен қатар 3 дана жеміс ағашының жанып жатқандығы жөнінде хабарлама түсті.
«Шақырту орнына жедел жеткен Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы барлау жұмыстарын жүргізіп, жоғарыда аталған нысандағы өрт оқиғасы қатты жел салдарынан Сырдария және Арай көшелерінде көршілес орналасқан 12 жеке тұрғын үйдің аулаларындағы жеміс ағаштарына таралып жанғандығы анықталды. Күштер мен құралдар сауатты жұмылдырылып, өрт сөндірушілердің нақты әрі жедел іс-қимылының нәтижесінде тұрғын үйлерге қауіп төндірген тілсіз жау дер кезінде оқшауланды. Төтенше жағдай орнына Төтенше жағдайлар департаментінен 13 қызметкер 4 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмыс жасады. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Құрметті, Қызылордалықтар,тұрғын үй ауласына тазалық жұмыстарын жүргізу барысында өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңызды ескертеміз!», - деп мәлім етті Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: