Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жылқы шаруашылығын дамытатын болды

Мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп отырған шаруалар аз емес. Ауылда отырған соң шамалы болса да мал сатып алып, игілігін көру үшін еңбек ету ерінбейтін ердің ісі.
Солардың бірі Қармақшы ауданына қарасты Ақжар ауылының тұратын Наурызбек Темірбаев. Ол Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қызылорда филиалынан 2,4 млн теңге несие рәсімдеп, жылқы сатып алған болатын. Жылқының жайын жақсы білетін жігіт Қамбар ата тұқымын көбейтіп, шаруашылығын дамытпақ.
Айта кетейік, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында мал шаруашылығымен айналысамын дейтіндерге 6,5 жылға 6 процентпен 4 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі де бар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: