Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдық мерейтойына арналды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси ғылымдар кафедрасының ұйымдастыруымен Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдық мерейтойына арналған «Тарихымыздың алтын дәуірі – Алтын Орда» тақырыбында онлайн форматта іс-шара өткізілді.
Онлайн іс-шараны кафедра меңгерушісі М.С.Қараманова ашып, Алтын Орда мемлекетінің әлем тарихында алатын орнын, тарихи маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында кафедраның аға оқытушысы М.М.Жұмаділдаев «Алтын Орда – қазақ мемлекеттілігінің бастауы» және ИСТ-19-1 оқу тобының студенттері М.Махаш «Тарихы бұрмаланған Тоқтамыс хан», Н.Бектұрған «Алтын Орда тарихындағы Сығанақ қаласының орны», Д.Базарбаев «Алтын Орда ханы –Өзбек хан» тақырыптарында баяндама жасады.
Кафедра оқытушылары мен студенттері қатысқан онлайн іс-шара барысында Алтын Орданың құрылуының тарихи маңызы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, қазақ халқының қалыптасуындағы рөлі және Алтын Орда тарихына берілген тарихшылардың жаңа көзқарастары жан-жақты түсіндірілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: