» » Қарақат Әбілдинаның анасы көз жұмды

Қарақат Әбілдинаның анасы көз жұмды

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Қарақат Әбілдинаның аяулы анасы Қаламқас ана өмірден озды, деп жазды
stan.kz.
Қаралы хабарды әншінің құрбысы Мәдина Сәдуақасова хабарлады.
"Бүгін жан құрбым Қарақаттың аяулы анасы, барлығымызды аялы алақанымен сипап, ақыл- қеңестерін айтып, батасын беріп отыратын Қаламқас апамыз дүниеден озды. Орны толмас қайғы. Отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Жаны жәннатта шалқысын, арты қайырлы болсын", - деп жазды Сәдуақасова.
Желі қолданушылары мен өнердегі достары көңіл айтып, қайырлы болсын десіп жатыр.
"Жаны жаннатта болсын. Иманды болсын", - деп жазды Мейрамбек Бесбаев.
"Апамыз иманды болсын. Ораза айында жаны жәнәтта болсын", "Иманды болсын жаны жəннəтің төрі болсын", "Иманды болсын! Артында қалған үрім бұтақтарына сабыр, денсаулық, амандық тілеймін", - деп жазды желідегі жазылушылар.