» » Майдакөлдегі мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Майдакөлдегі мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар
Қазалы ауданы Майдакөл ауылдық округіне қарасты Бекарыстан би ауылының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен 930 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінген.
Бұл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асатын болатын. Нәтижесінде ауылдағы мектеп ғимаратын күрделі жөндеу, тұрғын үйлерге сервистік су желілерін жүргізу және 7 көшені орташа жөндеу назарға алынды. Сонымен қатар, ауылдағы 8 көшені жарықтандырып, 20 азамат уақытша жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Облыс әкімі бөлінген қаржының мақсатты жұмсалып, атқарылған жұмыстардың сапалы болуын тапсырды.