» » «Тәтті әлемнің» тәтті өнімдері

«Тәтті әлемнің» тәтті өнімдері

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Қызылордалық кәсіпкер Динара Тасыбаева кондитерлік өнімдерін дайындаумен жергілікті жұртшылыққа жақы танымал. Ол сүйікті ісін табысты кәсіпке айналдырып, ел ықыласына бөленіп жүр. Тұтынушыларын «Инстаграм» әлеуметтік желісі арқылы жинаған Динараның арнайы аспаздық білімі жоқ. Негізгі мамандығы – бастауыш сынып мұғалімі. Алайда ол қосымша курстардан-ақ мол тәжірибе жинап, тіл үйірер дәмділер жасауға бейімделіп алды.
– Әйел адам үй шаруасына икемді болуы тиіс. Өзім де ас үйде жүріп, тағам дайындаудан жалықпаймын. Ғаламтор желісіндегі рецепттермен танысып, көрген-білгенімді жүзеге асыруға талпынамын. Әсіресе, дәмді тортты. Бірер жыл бұрын осы хоббиді бизнеске айналдыру жайлы ой келді. Өйткені, бұл – тынығуға септесетін керемет әдіс. Тек түгесілмейтін қиял, таусылмайтын шабыт керек. Бүгінде «Тәтті әлем» кондитерлік цехында өнімдерімізді дайындап, арнайы дүкенімізде сатылымға шығарамыз. Ұялы байланыстың дамыған кезеңі болғандықтан, көбіне әлеуметтік желі арқылы тапсырыс көп түседі. «Медовик», «Вупи пай», «Красный бархат» торттарына сұраныс жоғары, – дейді кейіпкеріміз.
Шынында, Динараға тапсырыс берсем деп хабарласушылар көп. Әсіресе, мереке күндері тұрғындар «Тәтті әлемге» ағылады екен. Иісі аңқыған шоколад пен ваниль, тәбет ашар тәттілер әлемінің жанынан өтіп кету де мүмкін емес.