Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Отбасылық кәсіптің негізін қалады


Былтыр «Жастар жылында» «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша талапкерлерге 505 мың теңге берілді. Бұл мүмкіндікті пайдаланғанның бірі – Жансая Жүнісова. Көп балалы ана «Қандай кәсіп ашуға болады?», «Менің қолымнан не келеді?», «Төрт балама жеткілікті уақыт бөліп, қасынан табылатын қандай іс бар?» деген сұрақтарды әуелі өзіне қойған сияқты. Бастысы ниет бар. Бірақ не істеу керегін білмей дал.
Міне, осы жерде аймақтық кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінген ол кәсіпкерлерге қажет бағдарламалармен танысып, отбасылық кәсіпті таңдайды. Отағасы Ғалым екеуі «Ақылды үй» жобасын қолға алады. Өрт сөндіру дабылы, турникет, дарбазаға автоматика орнату секілді жұмыстар осылай басталған.
– Күйеуім бұл кәсіптің қыр-сырын біледі, 8-9 жыл уақыт осы салада жүрді. Тапсырыс та жеткілікті еді. Сосын «неге істеп көрмеске» деп талпындық. «Жас кәсіпкер» жобасында арнайы бір мамандыққа оқытпаса да, кәсіп жайлы жалпылама айт­ты. Салыққа қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қиындықтан қалай шығу керек екенін де атап өтті. Өзіміздің нақты мақсатымыз жайлы сұрады. Шынымды айтсам, менің мамандығым журналист, қолымнан жазудан басқа ештеңе келмейді екен. Бірақ, қорықпай отбасылық бизнесті таңдадым, – дейді Жансая Жүнісова.
Көпбалалы ана мем­лекет қолдауымен алған қар­жысын оңды-солды шашпай, қолдан келер іске, игілікті жұмысқа пайдаланды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: