Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Өркендеу ауылындағы наубайхана 

Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық округінде 25 кәсіпкерлік субьектісі тіркелген. Жыл санап олардың қатары артуда.
Ауыл тұрғыны Мұратбек Жартыбай «Бизнес бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік білім алып, өткен жылы наубайхана ашты. Қазір отбасылық кәсіптің дөңгелеуіне жұбайы Айнаш Бисенбаева да үлес қосуда. Олар өздерімен қоса Гауһар Қалманованы жұмысқа алған.
Наубайханада күніне 72 дана нан пісіріледі. Бұдан бөлек булочки, лепечка, самса, пицца, бауырсақ, тағы басқа өнімдер дайындалады.
–Мемлекет қолдауымен қол жеткізген қаржыға қамыр илейтін аппарат, үстел, нан пісіретін пеш алынған. Пеш тоқпен жұмыс істейді, онда бір уақытта 24 нан піседі. Бөлке нанның бағасы 80 теңге. Тапсырыс қабылдау арқылы тәтті өнімдер де дайындаймыз. Алда жоспарымыз көп. Макарон өнімдерін шығаратын аппарат алу ойда бар, – дейді ерлі-зайыпты кәсіпкерлер.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: