Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыдағы көне мешіт

Қазалы ауданындағы Ноғай (Нұралы) мешітін 1915 жылы сарт (тәжік) саудагері Мөрәлім Меркемалов қыш кірпіштен салдырды. 1937 жылға дейін мешіт болып жұмыс істеді. Кейін спорт мектебі, емхана, дәріхана болды.
1991 жылы қайта мешіт болып ашылды. Сыр бойындағы көне ескерткіштер санатына қосылатын тарихи-мәдени мұралардың бірі.
Орта Азия мен қазақ жерінде Мөрәлім сауда жасаған көпес болған. Мешітті арнайы Бұқара мен Хиуа жерінен мешіт салатын шеберлерді алдырып, барлық керек-жарақ құрал заттарды да сол Бұқара жерінен әзірледі. Сонау қашық жерден мешіт жабдықтарын түйемен тасудан гөрі оның оңай жолдарын таба білгеніне адам таң қаларлықтай. Көптеген бөрене ағаштарды бір-біріне байланыстырып, оларды жалғап Сырдария арқылы ағызып әкелген. Сол бөрене үстіне мешітке керекті материалдарды қойған. Арнайы жасақталған адамдар салдың үстінде отырып, дарияның бұрылар тұстарында салды жиекке соқтырмай аман-есен қазіргі ленинский путь тұстағы көне дарияға әкелген. Аман-есен әкелген жабдықтар үшін ол кісілерге Мөрәлім алтын ділләдан ақы төлеген. Мөрәлім бай мешітті 6 жыл салған. Мешіт біршама уақыт тоқтап барып жұмысын қайта жандатқан. Ол уақытта да мешіт салу кез-келген адамның қолынан келе бермейтін шаруа еді. Кейбір зерттеушілер келіп мешіттің ішінде Герт ұстундарды (тіреу) арнайы индиядан әкелген ағаш дейді. Ою-өрнектерін бұқар ұсталары салған екен,- деп тұжырым жасайды. Мешіт сыртындағы кесекке арнайы сылақ жүргізілген, І ғасыр өтсе де әлі мінін жоймаған. Мешіт құрылысы аяқталған соң Мөрәлі Бұқарадан имамды алдырған. Ол кісінің есімі Хақназар екен. Хақназар Әуезұлы Бұқара медіресесін тамамдаған білікті, білімді ғалым адам болған. Оның ұрпақтары Қазалы қаласында тұрады.


«Қызылорда облыстық тарихи және мәдени
ескерткіштерді қорғау жөніндегі» КММ
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: