Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Желіде ұшатын кілемнің видеосы пайда болды


Видеоға түсіру тәсілінің ерекшелегіне байланысты мұнда адамдар ауада өздігінен "қалқып бара жатқандай" көрінуі мүмкін.
Твиттер қолданушысы Гималайдағы тау үстіндегі жолмен жүрген жүк көлігінің видеосын жариялады. Оны көптеген қолданушылар ұшатын кілем деп қалып, таң қалған, деп хабарлайды
zakon.kz.
Видеоға түсіру тәсілінің ерекшелегіне байланысты мұнда адамдар ауада өздігінен "қалқып бара жатқандай" көрінуі мүмкін.
Мен мұны ұшатын кілем деп ойлап қалдым, - деп жазды желіні қолданушылардың бірі.
Көпшілігі онымен келісе кеткен, оның Аладдин мультфильміндегі кадрларды еске салатынын жарыса жазған.
Ал тағы бірі бұдан гөрі жаяу серуендегенді жөн көретіндерін жазған. Өйткені, олардың пікірінше, жолаушылар тасымалының бұл әдісі, өте қауіпті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: