Сейхун-инфо.кз / Екпіні қатты жел тұрып, жаңбыр жауады

Екпіні қатты жел тұрып, жаңбыр жауады

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 14-15 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, жел оңтүстік-батыстан 15-20, кейде екпіні 25 метр секундқа дейін көтеріледі.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.
14-04-2015, 09:50
Вернуться назад