Сейхун-инфо.кз / «Қызылорда автобус паркі» Whatsapp арқылы шағым қабылдайды

«Қызылорда автобус паркі» Whatsapp арқылы шағым қабылдайды

«Қызылорда автобус паркі» Whatsapp арқылы шағым қабылдайды«Қызылорда автобус паркі» ЖШС Қызылорда қаласында қоғамдық көліктерде жолаушылар мен багажды тасымалдауды тұрақты ұйымдастыру қызметімен айналысып келеді.
Қала әкімдігі 31 бағытта жолаушылар тасымалдаумен айналысатын 800-ге жуық қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасын тұрақты бақылауға алып, рейд ұйымдастырып келеді. 
Осы ретте, жолаушылар да қоғамдық көліктер қызметіне халықтық бақылау орнатып, 8-771-422-15-48 арнайы сенім телефон нөміріне Whatsapp желісі арқылы шағым білдіре алады. Оның ішінде қоғамдық көліктердің уақытылы келуі, жолаушыларға қызмет көрсетуі, жол ережелерін сақтауы секілді мәселелер бойынша қоғамдық көлік нөмірі, орын алған оқиға мерзімі мен орны көрсетіле отырып, суретпен қоса хабарлама жолдануы қажет.

30-10-2015, 13:54
Вернуться назад