Сейхун-инфо.кз / Қызылордада солақай суретшілер бақ сынасты

Қызылордада солақай суретшілер бақ сынасты

Қызылордада солақай суретшілер бақ сынастыҚалалық ішкі саясат бөлімі және «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сүйікті қалам - Қызылорда» тақырыбында жас солақай суретшілер арасында байқау өткізілді. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мамен хабарлады.
Өмірде солақай суретшілер көп кездесе бермейді. Сондықтан да өнерлі, талантты жастарды шыңдау мақсатында өткізілген байқауда жас ерекшеліктеріне байланысты қаладағы оқу орындарынан және мектептерден екі топтан, яғни 6-14 жасқа дейінгі кіші топ, 15-25 жас аралығы үлкен топта өнерлерін сынады. Солақай суретшілер қылқалам арқылы қиялға ерік беріп, күн өткен сайын көркейіп келе жатқан қала қаланың ең әсем жерлерін, жетістіктерін бейнеледі. 
Байқауда әділқазылардың шешімі бойынша кіші топтан І орынды Аружан Асылбекова иеленсе, ІІ орынды Диас Қалтай және ІІІ орынды Азамат Әбдікәрімов қанжығасына байлады. Ал үлкен топ бойынша І орынды Гүлжайна Ысқақова, ІІ орын Шерзада Мәлікназар, ІІІ орын Лаура Қаржаубайға бұйырды. Байқауға белсенді қатысқан барлық жастар қала әкімінің орынбасары Роза Боханованың алғыс хатымен марапатталып, естелікке бағалы сыйлықтар табысталды.
25-10-2014, 11:50
Вернуться назад