Сейхун-инфо.кз / БАЙҚОҢЫР 2016 ЖЫЛҒЫ АЛҒАШҚЫ ҰШЫРЫЛЫМҒА ДАЙЫН

БАЙҚОҢЫР 2016 ЖЫЛҒЫ АЛҒАШҚЫ ҰШЫРЫЛЫМҒА ДАЙЫН

БАЙҚОҢЫР 2016 ЖЫЛҒЫ АЛҒАШҚЫ ҰШЫРЫЛЫМҒА ДАЙЫНБайқоңыр ғарыш айлағында 2016 жылы ғарышқа бірінші ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып жатыр.
М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы (МҒҒӨО) баспасөз қызметінің ақпаратынша, бүгін таңертең Eutelsat-9B ғарыш аппараты (ҒА) бар «Протон-М» ғарыштық зымыран (ҒЗ) монтаждау-сынақ корпусынан шығарылып, Байқоңыр ғарыш айлағының 200-ші алаңының старттық кешеніне жеткізілді.
ҒЗ-ды тік қалпына орнатудан кейін, Роскосмос кәсіпорындарының мамандары бірінші старт күнінің кестесі бойынша жұмыстарға кірісті. Eutelsat-9B ғарыш аппараты (ҒА) бар «Протон-М» ғарыштық зымыранды ұшыру 2016 жылдың 30 қаңтарына, Астана уақытымен сағат 04:20-ға жоспарланған. Ұшыру Байқоңыр ғарыш айлағының 200-ші алаңынан жүзеге асырылады.
Бұл ұшыру арқылы Роскосмос 2016 жылы Байқоңырдан ұшырулар бағдарламасын ашпақ.
27-01-2016, 10:11
Вернуться назад