Сейхун-инфо.кз / БИЫЛ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАРҚЫНДЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНА АЙНАЛАДЫ

БИЫЛ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАРҚЫНДЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНА АЙНАЛАДЫ

БИЫЛ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАРҚЫНДЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНА АЙНАЛАДЫҚызылорда қаласы биылғы жылы да қарқынды тұрғын үй құрылысы алаңына айналмақ.  Бұл жөнінде Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Осы бағытта, облыстық бюджеттен апаттық жағдайдағы үйдің тұрғындарына арналған Жаппасбай батыр көшесіндегі 60 пәтерлік 1 тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға 258 млн. теңге, Мұнайшы тұрғын ауданы құрылысын әзірлеуді аяқтауға 96 млн. теңге бөлінді
31 қаңтар күні «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкінің «Өз үйім» бағдарламасы арқылы Сырдария, Арай-3 мөлтек аудандарынан 40 мың шаршы метрді құрайтын 600 пәтерлік 12 үйдің, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» арқылы «Сәулет» мөлтек ауданында 21 мың шаршы метрді құрайтын 350 пәтерлік 7 үйдің құрылысы басталды. 2016 жылы жалпы көлемі 200 мың шаршы метрді құрайтын 60 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда.
4-02-2016, 11:45
Вернуться назад