Сейхун-инфо.кз / ЖЕРЛЕСТЕРІ АКАДЕМИК АСҚАР ЖҰМАДІЛДАЕВҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ЖЕРЛЕСТЕРІ АКАДЕМИК АСҚАР ЖҰМАДІЛДАЕВҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ЖЕРЛЕСТЕРІ АКАДЕМИК АСҚАР ЖҰМАДІЛДАЕВҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

 

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым Академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаевпен кездесті. Алпысты алқымдаған академикке жерлестері шапан жауып, құрмет көрсетті.
Асқар Серқұлұлы Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетін қызыл дипломмен бітірген, оқып жүріп, Лениндік стипендиясының иегері болған. Бүгінде Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым Академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан-Британ техникалық университетінің профессоры. Ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Сорос фондының екі рет, ИНТАС фондының үш рет және Жапонның ғылым мен технологияны қолдау фондының, Швецияның Корольдік Ғылым Академиясының гранттарын алғанын мақтанышпен айтамыз. 
- Сізді Сыр өңірі жұртшылығының атынан 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге ұзақ өмір, зор денсаулық, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. Жерлестеріңіз сізбен және сіздің жетістіктеріңізбен мақтанады, - деп жылы лебізін білдірген аймақ басшысы облыстың «Құрмет» грамотасын табыстап, иығына шапан жапты. 
Өз кезегінде академик өзіне көрсетіліп жатқан ілтипатқа ризашылығын білдіріп, әлі де елі үшін аянбай еңбек ететіндігін жеткізді.
- Жерлестерім мені еске алып, іздегеніне өте қуаныштымын. Осы уақыт ішінде Қызылорда айтарлықтай өзгеріп, көркейгені бірден байқалады. Сіздерге алғысымды білдіремін, - деді академик.
14-05-2016, 09:14
Вернуться назад