Сейхун-инфо.кз / Аграрлық салада 9 инвестициялық жоба іске қосылады

Аграрлық салада 9 инвестициялық жоба іске қосылады

Аграрлық салада 9 инвестициялық жоба іске қосыладыҚызылорда облысында жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы саласында бірден 9 инвестициялық жоба іске қосылады.
Инвестициялық жобалардың жалпы құны, облыс әкімдігінің мәліметтеріне сәйкес, 1 млрд 800 млн теңгеден асады. Қазірде жем-шөп зауытының, сүт өңдеу цехінің, бордақылау алаңының, күріш өңдеу кәсіпорнының және жылыжай кешендерінің құрылысы аяқталып қалды.
Бүгінгі күні Қызылорда облысында, ресми мәліметтерге сәйкес, 740 мыңнан аса адам тұрып жатыр, ал медициналық мекеме мәліметтері бойынша – 840 мың тұрғын тіркелген. Олардың 57%-ы ауылды жерлерде тұрып жатыр. Сол себепті өңірде ауылды елді мекендерді, ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі ең өзекті болып табылады.
Ағымдағы жылы аграрлық саланы дамыту үшін 8,1 млрд теңге жұмсалған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есеге, 2012 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артық.
10-11-2014, 14:33
Вернуться назад