«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша 11-13 қаңтарда Қызылорда облысы аумағында батыс, оңтүстік-батыстан екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 мертге жететін жел тұрады.
Осыған байланысты Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.