Сейхун-инфо.кз / ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ МЕН ОБЛЫСТЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ СУ БАСУ ҚАУПІ ЖОҚ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ МЕН ОБЛЫСТЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ СУ БАСУ ҚАУПІ ЖОҚ


2018 жылдың 7 ақпанына Қызылорда облысының аумағына 345 м3/сек су түсуде. Қызылорда су торабынан төменге 320 м3/сек су босатылуда.
Солтүстік аудандарда Сырдария өзені бетінде толықтай мұз қатса, оңтүстік аудандарда мұз қату процесі күшеюде. Мұздың қалыңдығы 20 – 60 см құрайды.
2018 жылдың 29 қаңтарында Сырдария ауданы, Қалжан Ахун ауылының оңтүстік – батыс аумағында орналасқан «Әсет» учаскесінің тұсында мұз буып, қорғаныс бөгетінің ролін атқарып тұрған «Аласиыр» каналы бөгетінің бұзылуы нәтижесінде ауыл шаруашылығы жерлеріне су жайылды.
Су жайылуға мұз астынан қалыңдығы 2-2,5 метр болатын шұғаның жүруінен кептелістер қалыптасып, су деңгейінің жоғарылауы себеп болуда.
Қазіргі таңда қорғаныс бөгеттерін нығайту шаралары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 2 мердігер мекемеден 16 бірлік техника мен 60 адам жұмылдырылуда.
Аталған жағдайға байланысты Сырдария ауданы әкімдігімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануда.
Қызылорда қаласы мен облыстың елді мекендерінде су басу қаупі жоқ. Жалпы облыс бойынша жағдай қатаң бақылауда.
7-02-2018, 15:26
Вернуться назад