Сейхун-инфо.кз / БАЛАБАҚША БҮЛДІРШІНДЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ 

БАЛАБАҚША БҮЛДІРШІНДЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ 


Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында «Туған жер - алтын бесігім» атты республикалық театрланған қойылымның облыстық кезеңінде «Ер Тарғын» балабақшасының бүлдіршіндері жеңімпаз атанған еді.
Олар байқаудың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алған болатын. Аталған шараның республикалық кезеңінде балабақша бүлдіршіндері III орын жүлдегері атанды.
Бұл шара «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілді.
5-05-2018, 13:02
Вернуться назад