Сейхун-инфо.кз / ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР!

ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР!


Қазіргі таңда "Қызылорда тазалығы" ЖШС көпқабатты тұрғын үйлердің маңында орналасқан қоқыс жәшіктерін тазарту кезінде кедергі тудырмас үшін, ол орындарға көліктерін қоймауды сұрап арнайы ескерту тақтайшаларын орнатуда.
Алайда, арнайы орнатылған ескертуді елемейтін кейбір тұрғындардың кесірінен, тазалық мекемесінің қызметкерлері мен көліктері қоқыс жәшіктерін тазалау барысында айтарлықтай кедергілерге тап болуда.
Құрметті жерлестер!
Қаламыздың тазалығы үшін тынымсыз қызмет жасап жүрген "Қызылорда тазалығы" ЖШС-ның қызметкерлеріне және өз ауламыз бен көршілерімізге құрмет көрсетіп, қоқыс жәшіктерінің алдына көліктеріңізді қоймауларыңызды сұраймыз!

Қызылорда қаласының әкімдігі
31-08-2018, 12:16
Вернуться назад