Сейхун-инфо.кз / ТИІСТІ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТИІСТІ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


Тасбөгет кентіндегі аяқ су арналары мен көше жиегіндегі арықтарды тазарту жұмыстарына аяқ сумен қамтамасыз етуге жауапты мекеме "Ақмешіт сарқырама" ЖШС және тазалық мекемелерінің мамандары жұмылдырылып, тиісті тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Тасбөгет кентінде аяқ су 3 насос арқылы аптасына 3 рет айдалып отырады. Жалпы кент бойынша 1,2 шақырым орталық арна, 35 шақырымға жуық көше арықтары бар. Әкімдіктің жауапты мамандары, тазалық мекемелері қызметкерлері тарапынан тұрғындарды өз есік алдын, маңындағы арықтарды таза ұстауға шақыру жөнінде жадынамалар таратылып, түсіндірме жұмыстары толассыз жүргізілуде.
Соған қарамастан, өкінішке орай, тұрғындар тарапынан немқұрайлылық байқалып, арықтарды ластау, күл-қоқыс тастау оқиғалары жиі орын алып келеді.
Барлық тұрғындарды тазалық жұмыстарына бірауыздан атсалысуға шақырамыз!
29-08-2018, 19:30
Вернуться назад