Сейхун-инфо.кз / ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨТКЕН ЖӘРМЕҢКЕДЕ 150-ДЕН АСА БОС ОРЫН ҰСЫНЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨТКЕН ЖӘРМЕҢКЕДЕ 150-ДЕН АСА БОС ОРЫН ҰСЫНЫЛДЫ


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызметі істері департаменті Қызылорда қаласы әкімдігімен бірлесе отырып «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесін ұйымдастырды.
А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткізілген жәрмеңке мемлекеттік органдар мен жеке мекемелерге өздерінің талаптарына сәйкес келетін мамандарды табуға, ал жәрмеңкеге келушілер үшін мамандықтары бойынша жұмыс іздеуге үлкен мүмкіндік берді.
Шараға жұмыс беруші ретінде қаладағы 22 мекеме мен кәсіпорындардан 100-ден аса бос жұмыс орындары ұсынылса, 11 мемлекеттік орган 50 бос орынды жәрмеңкеде ұсынды.
200-ден аса жұмыс іздеуші азаматтар қатысып, 88 азаматқа жолдама берілді.
Жыл басынан бері Қызылордада мемлекеттік органдардың қатысуымен мұндай жәрмеңке тоғызыншы рет өткізілуде.
23-11-2018, 10:33
Вернуться назад