Сейхун-инфо.кз / ҚАРАУСЫЗ ҚАЛСА МАЛЫҢЫЗ, АЙЫППҰЛ ТӨЛЕП АЛЫҢЫЗ

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛСА МАЛЫҢЫЗ, АЙЫППҰЛ ТӨЛЕП АЛЫҢЫЗ


Құрметті қала тұрғындары, өздеріңіз білесіздер қараусыз малдың көшеге шығып кететін жағдайы көп кездеседі. Мал иелеріне тиісті бөлім мамандары арқылы ескерту хабарламалары айтылады. Сонда да қайталанатын жағдайлар бар. Мысалы екінші рет қамауға алынған малы үшін 70 мың теңгенің үстінде айыппұл төлеуге тура келеді. Ондай жағдайлар бар. Төменде биылғы 10 айдың жұмыс қорытындысы.
Қалалық ветеринария бөлімі бойынша 2018 жылдың 10-айында қалада ауылшаруашылығы жануарларын асырау кезінде ветеринариялық талаптарды сақтамаған мал иелерімен жүргізілген шаралар туралы мәлімет.
Қаланың инфрақұрылымына зиян келтіріп және егілген гүлзарлар мен жасыл екпелерді бүлдіріп қараусыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Қызылорда қаласы мен Тасбөгет кентіне қарасты жеке және қосалқы шаруашылықтар шоғырланған әуе-жайға баратын жолдың бойындағы мал ұстайтын 15 шаруашылықты аралап, «Қызылорда облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурызындағы № 196 шешімімен таныстырып, қараусыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне әкімшілік шара көрілетіні ескертіліп, хабарламалар таратылып берілді.
Қаланың батыс аймағындағы «Ақмешіт» және «Мерей» мөлтек аудандарында көп қабатты үйлердің арасында жайылып қараусыз жүрген жылқы және түйе малдарын оқшаулап уақытша қамап, мал иелеріне жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, 8 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Қазіргі таңда, осы мөлтек аудандарда көшеге малдардың шығып жайылуы тоқтады.
Сонымен қатар, Отырар, Демесінов көшелерінде жасыл желектерді бүлдірген мүйізді ірі қара малдарының иесіне 3 азаматқа, «Гидроузель» Строеная көшесінде уақ мал ұстайтын 2 тұрғынға, жыл басынан бері қалалық жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, жалпы 13 азаматқа әкімшілік шара көріліп, хаттама толтырылды.
Қаланың ішінде көп мөлшерде мал ұстаумен айналысатын, мал бордақылайтын жеке және заңды тұлғалармен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы № 28 бұйрығына сәйкес, мал басын ветеринариялық нормативке сәйкес шектеп ұстау жөнінде мал ұстайтын жеке тұрғын үйлерді аралап, 48 үйге ескертіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы нормативті өрескел бұзған 1 жеке тұлғаға ветеринария мамандары тарапынан әкімшілік шара көріліп, айып пұл салынды.
Осы келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында қалалық ветеринария бөлімі тарапынан жергілікті «Қоғам ТВ» телеарнасы арқылы эфирде бейне роликтер көрсетіліп, 2 рет «Мезгіл мәселесі» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берілді.
27-11-2018, 01:51
Вернуться назад